Бүгін Орал қаласындағы “Jaiyq arena” спорт кешенінде зейнет жасындағы ардагерлер арасындағы V облыстық спартакиаданың ашылу салтанаты өтті.
💫 Салтанатты шараға Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Ораз Нұрділдә қатысып, қатысушыларға сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар, БҚО ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Берген сөз сөйлеп, сайыстың шымылдығын ашып, ақ батасын берді.
🏐♟ Спартакиада бағдарламасына волейбол, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, дойбы және асық ату сынды 6 спорт түрі енгізілген.
📍 Айтулы додаға облыстың 12 ауданынан және Орал қаласынан 170-ке жуық ардагер спортшы қатысуда.
🇰🇿 Барша қатысушыларға сәттілік тілейміз!
———————-
#bqo_sport #АрдагерСпартакиадасы #jaiyqarena #СалауаттыӨмірСалты