Орал қаласында Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованы еске алуға арналған садақ атудан республикалық турнир басталды.
⚡️Байрақты бәсекеге 90-ға жуық мерген қатысуда. Жас спортшылар мергендік шеберліктерін шыңдап, Шучинск қаласында өтетін Қазақстанның VI жастар ойындарына жолдама алуға таласады.
🏆Турнирдің ашылу салтанатында Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Мирболат Нұржанов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
📅 Айта кетсек, садақ атудан республикалық турнир 22 шілде күні мәресіне жетеді.
—————-
#bqo_sport #СадақАту #РеспубликалықТурнир #МәншүкМәметова #Орал2025 #ЖастарОйындары #СпортБҚО