Қадыр Мырза Әлидің 90 жылдығына – 90 шақырымдық тағзым

Қадыр Мырза Әлидің 90 жылдығына – 90 шақырымдық тағзым

🗓️ 17–22 маусым аралығында 79 жастағы ардагер параспортшы, Азияның екі дүркін чемпионы Құбайдолла Хамзаұлы Хасанов қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, халық жазушысы Қадыр Мырза Әлидің 90 жылдығына орай 90 шақырымдық жаяу марафонды 6 күн ішінде жүріп өтті.

🚶‍♂️ Ардагер спортшы күн сайын 15 шақырым жаяу жүріп, туған топырақтың дара перзентіне деген құрметін ісімен дәлелдеді.

📌 Құбайдолла Хасанов – тірек-қимыл аппараты зақымдалған жандар арасында пара пауэрлифтингтен Азияның екі дүркін чемпионы (2004 ж. Үндістан, 2006 ж. Филиппин), Батыс Қазақстан облысында мүгедектер спортының дамуына зор үлес қосып жүрген ардагер.

⚡️Айта кетейік, ардагер спортшы бұған дейін де ел үшін маңызды оқиғаларға орай ерекше бастамалар көтерген. Атап айтқанда, Жеңістің 80 жылдығына орай 80 шақырымдық жаяу жүрісті табысты аяқтаған болатын.
—————
#bqo_sport #ҚадырМырзаӘли90 #РуханиТағзым #СпортЖәнеРуханият