📍Бүгін Орал қаласында ересектер арасында дәстүрлі садақ атудан Қазақстан Республикасының чемпионатының жабылу салтанаты өтті.
⠀
Ұлттық рухты дәріптеп, ата-бабамыздан қалған мергендік мұраны ұлықтайтын бұл айтулы додаға еліміздің 18 өңірінен келген 270-ке жуық таңдаулы мерген қатысты. Жарыс барысында жоғары деңгейде тартысты бәсекелер өтіп, қатысушылар нағыз шеберліктің үлгісін көрсетті.
⠀
🔹 Салтанатты рәсімге Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов қатысып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттады.
⠀
🏹 БҚО мергендерінің нәтижелері:
«Пута» нысанасы:
– 🥈 2 орын – Луканов Мурат (ерлер)
– 🥉 3 орын – Ғалымжанова Әсемгүл (әйелдер)
⠀
«Қалқан» нысанасы (әйелдер):
– 🥇 1 орын – Ғалымжанова Әсемгүл
⠀
«Орта Азия» нысанасы (әйелдер):
– 🥈 2 орын – Ғалымжанова Әсемгүл
⠀
«Жамбы ату» нысанасы (әйелдер):
– 🥉 3 орын – Ғалымжанова Әсемгүл
⠀
🏆 Жалпы командалық есеп бойынша:
🥇 1 орын – Астана қаласы
🥈 2 орын – Шымкент қаласы
🥉 3 орын – Батыс Қазақстан облысы
Шын жүректен құттықтаймыз!
_____
#bqo_sport
#дәстүрлісадақату #қрчемпионаты #бқоспорт #ұлттықспорт #қазақмергендері #sadaqaty #sportqory #oral2025 #қазақстанспорты