ОРАЛДА ДӘСТҮРЛІ САДАҚ АТУДАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ! 🎯

ОРАЛДА ДӘСТҮРЛІ САДАҚ АТУДАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ! 🎯

Орал қаласында ересектер арасында дәстүрлі садақ атудан Қазақстан Республикасы чемпионатының ашылу салтанаты өтті.

📌 Айтулы чемпионатқа еліміздің 18 өңірінен келген 270-ке жуық үздік мерген қатысып, өз бақтарын сынға салуда.

⚜️Салтанатты шараға:
🔹 «Sadaq aty» республикалық дәстүрлі садақ ату федерациясының президенті Диас Ахметов;
🔹 Жарыстың бас төрешісі, жоғары ұлттық дәрежедегі төреші Абаған Мұхтархан;
🔹 БҚО дәстүрлі садақ ату федерациясының президенті Ищанов Асхат;
🔹 Ұлттық спорт түрлерінен облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, самбодан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Байбатыров Ерболат
қатысып, додаға қатысушы мергендерге сәттілік тіледі. 🤝🏹

📅 Айта кетсек, дәстүрлі садақ атудан ел чемпионаты маусым айының 16 күні өз мәресіне жетеді.
_____
#bqo_sport #дәстүрлісдақ #ересектерарасында #қрчемпионаты #орал2025 #ұлттықрух #қазақмергені 🏹🇰🇿💪