Бүгін Орал қаласында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылған «Алтайдан Оралға дейін» республикалық велошеруінің салтанатты жабылу рәсімі өтті.
🚵♂️ Велошеру 26 мамыр күні Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласынан бастау алып, 13 күн ішінде еліміздің 7 өңірін басып өтіп, Батыс Қазақстан облысында мәресіне жетті. Шараның басты мақсаты – бұқаралық спортты насихаттау, өңірлер арасындағы ынтымақтастықты арттыру және жұмысшы мамандықтардың маңыздылығын көрсету.
Салтанатты рәсімге келесі ресми тұлғалар қатысты:
🔹 Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов
🔹 БҚО білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин
🔹 Велошеру жетекшісі, ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» спорттық іс-шараларды өткізу бөлімінің менеджері Азамат Оразов
Қонақтар қатысушыларды марапаттап, белсенділіктері мен салауатты өмір салтын дәріптегендері үшін алғыс білдірді.
✨ Шара соңында қатысушылар «Достық үйінде» өткен қорытынды жиынға қатысып, велошерудің нәтижелерін саралап, алдағы жоспарлар мен мақсаттар бойынша пікір алмасты.
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі
_____
#bqo_sport #велошеру #алтайданоралғадейін #жұмысшымамандықтаржылы #спорт2025 #Орал