2025 жылдың 24-25 мамыры күндері Орал қаласында дзюдо спортынан әлем чемпионы, әлем кубогының иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Асқар Шайхиевты еске алуға арналған ерлер мен әйелдер арасындағы ашық республикалық турнир өтті.
Ауқымды спорттық додада еліміздің Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарынан, сондай-ақ Ресей Федерациясынан келген 300-ге жуық татами шебері бақ сынады.
🏆 Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері
Турнирдің бірінші күні (24 мамыр):
60 кг салмақ дәрежесі:
52 кг:
66 кг:
73 кг:
Турнирдің екінші күні (25 мамыр):
81 кг:
90 кг:
100 кг:
+78 кг (әйелдер):
Сондай-ақ, Ақтөбе облысының атынан 70 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен балуан Бақанова Гүлнұр ерекше жетістікке жетіп, автокөлік ұтып алды. Турнирдің салтанатты марапаттау рәсіміне Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, жеңімпазға автокөлік кілтін табыстады.
Турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылып, спортшылар мен көрермендерге жарқын әсер қалдырды. Бұл жарыс – дзюдо спортының дамуына, жас балуандардың шыңдалуына және Асқар Шайхиев сынды аңыз спортшының есімін ұлықтауға бағытталған маңызды шара болды.
📞 Байланыс үшін:
Айнұр – +7 708 854 55 96