Орал қаласында ұлттық спорт түрлерін дамыту және жас буынды ата-баба аманатына адалдыққа тәрбиелеу мақсатында өткізілген «Бабалар ізімен» облыстық ұлттық спорт лигасының қорытынды марапаттау рәсімі салтанатты түрде ұйымдастырылды.
Екі айға созылған бұл кең ауқымды жоба аясында 300-ден астам спортшы бақ сынап, көкпар, аударыспақ, тоғызқұмалақ, асық ату, жамбы ату, теңге ілу, қазақ күресі және дәстүрлі садақ ату сынды ұлттық спорт түрлері қамтылды.
Салтанатты шараға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев пен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов қатысып, жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін арнайы номинациялар мен алғыс хаттармен марапаттады.
Негізгі нәтижелер:
Асық ату:
– «Үздік сұрмерген» – Уалиев Асылбек (Ақжайық ауданы)
– 1 орын – Ақжайық ауданы, 2 орын – Шыңғырлау ауданы, 3 орын – Теректі ауданы
Бес асық:
– «Алтын сақа» – Бекмағамбетова Дина (Ақжайық ауданы)
– 1 орын – Ақжайық ауданы, 2 орын – Орал қаласы, 3 орын – Бөрлі ауданы
Дәстүрлі садақ ату:
– «Құралайды көзге атқан» – Әсемгүл Ғалымжанова
– «Алтын жебе» – Зинет Ақжол
– 1 орын – «Oqzhetpes» командасы, 2 орын – Ақжайық ауданы, 3 орын – Сырым ауданы
Қазақ күресі:
– «Жауырыны жерге тимеген» – Сейісов Әділбек (Бөрлі), Амангелді Бақытжан (Қазталов)
– 1 орын – Бөрлі ауданы, 2 орын – Жәнібек ауданы, 3 орын – Бәйтерек ауданы
Жекпе-жек:
– 1 орын – Тасқала ауданы, 2 орын – ОБЖСМ, 3 орын – Қазталов ауданы
Тоғызқұмалақ:
– «Зияткер ойыншы» – Кенеева Надежда (Ақжайық ауданы)
– 1 орын – Бөрлі ауданы, 2 орын – Орал қаласы, 3 орын – Бәйтерек ауданы
Көкпар:
– «Үздік шабандоз» – Жәндібеков Нұрмағанбет (Шыңғырлау)
– 1 орын – Шыңғырлау ауданы, 2 орын – Ақжайық ауданы, 3 орын – Қаратөбе ауданы
Аударыспақ:
– «Үздік аударыспақшы» – Сайман Мирлан (ҰСМ)
– 1 орын – Жәнібек ауданы, 2 орын – Ақжайық ауданы, 3 орын – Ұлттық спорт мектебі
Теңге ілу:
– 1 орын – Ұлттық спорт мектебі, 2 орын – Ақжайық ауданы, 3 орын – «Орал» спорт клубы
Жамбы ату:
– 1 орын – Ақжайық ауданы, 2 орын – Орал қаласы, 3 орын – Орал қаласы
Бәйге:
– 1 орын – Тасқала ауданы, 2 орын – Ақжайық ауданы, 3 орын – Жаңақала ауданы
«Бабалар ізімен» лигасы – ұлттық дәстүр мен спортты ұштастыра отырып, жас ұрпақтың рухани және физикалық дамуына үлес қосатын ерекше жоба.
Ұлттық мұра – ұрпаққа аманат!
Қосымша ақпарат үшін:
Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасһз қызметі
8708 854 55 96- Айнұр