2025 жылдың 20 мамыры күні БҚО мәслихатының төрағасы М. Мұқаевтың төрағалығымен әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқықтық тәртіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Отырысқа әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқықтық тәртіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Б. Лаврентьев және депутаттар, облыстық басқарма басшылары мен мамандары қатысты.
Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Б. Абуов басқарманың 2024 жылы және ағымдығы жылдың І тоқсанында атқарылған жұмысы туралы баяндама жасап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.