
Елбасының 2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Жарлығы бойынша бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы (бұдан әрі - Конкурс) халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.
Конкурс жыл сайын өңірлік және республикалық деңгейлерде өткізіледі.
Облыс бойынша конкурсқа республикалық және облыстық деңгейде 2008 – 2023 жылдары «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт», «Экологияға қосқан үлесі үшін», «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» номинациялары және Гран-При бойынша 411 кәсіпорыннан 432 қатысуға өтінім қабылданып, 29 жеңімпаздар бас жүлде, І, ІІ, ІІІ жүлделі орындарға иеленді.
Облысымыздың кәсіпкерлік субъектілерінің соңғы 2019-2023 жылдары конкурстың жүлделі орындарын төмендегіше ұсынамыз:
2019 жылы Республикалық конкурс қорытындысы бойынша «Үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша «Ақсайгазсервис» АҚ 1-ші орынға ие болды, ал «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша 1-ші орынға «Уральская торгово-промышленная компания» ЖШС алтын мүсіншесін алды.
2021 жылы Республикалық конкурс қорытындысы бойынша «Гран-при» - Ең жоғары жүлдесін «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» қазақстандық филиалы жеңіп алды. Айта кету керек, «КПО б.в.» компаниясы бірден үш номинацияға қатысты: «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» және «Экологияға қосқан үлесі үшін».
2022 жылы Республикалық конкурс қорытындысы бойынша «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша «Казбургаз» АҚ 1-ші орынға ие болды, ал «Үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша «Czech Camp» (Чех Кэмп) ЖШС 2-ші орынға және «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша «Жайықмұнай» ЖШС 3-ші орын алып, алтын мүсіншесін алды. «Казбургаз» АҚ компаниясы бірден екі номинацияға қатысқанын атап өткен жөн: «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын».
2023 жылы Республикалық конкурс қорытындысы бойынша «Үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша «Орал трансформатор зауыты» ЖШС 1-ші орынға ие болды, ал «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша 1-ші орынға «QHSE-AKBARYS» ЖШС алтын мүсіншесін алды.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы лауреаттарды құттықтай отырып, конкурсқа қатысқан барлық кәсіпорындардына қатысқаны үшін алғысымызды білдіреміз!