Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссияның отырысы 2025 жылдың 30 сәуірінде сағат 17:30-да Сарайшық көшесі, 44/2 мекенжай бойынша орналасқан Басқарманың мәжіліс залында (3-ші қабат, 311-кабинет) өткізілетіні туралы хабардар етеді.
Комиссияның әр отырысы барысында жұмыс берушілердің өтініштерін қараудың бейнежазбасы жүргізіледі.
Жұмыс беруші немесе оның өкілі, олардың қалауы бойынша Комиссия отырысына қатыса алады.
Барлық сұрақтар бойынша 8(7112)51-28-66 телефон немесе da.imangalieva@bko.gov.kz электронды пошта арқылы хабарласуға болады.