Ағымдағы жылдың 16 сәуірінде Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.Нарымбетовтың төрағалығымен кеңес өтті.
«Д» және «Е» санатындағы отбасыларды азайту, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамтудың белсенді шараларын жүзеге асыру бойынша мәселелер қаралған кеңеске Орал қаласы және барлық аудан әкімдерінің орынбасарлары, Орал қаласы және барлық аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшылары, облыстық басқарма басшылары, БҚО еңбек мобильділігі орталығының директоры мен мансап орталықтарының директорлары қатысты.
Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының орынбасары Ж. Абдолов Отбасының цифрлық картасындағы отбасыларды «дағдарыс» және «мүшкіл» (D, Е) санаттарынан неғұрлым қолайлы санаттарға ауыстыру және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы, Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы басшысының орынбасары А.Темірханова мектепке дейінгі ұйымдарға және білім беру ұйымдарына бармайтын балалармен жүргізілген жұмыстар туралы, Бөрлі ауданының әкімінің орынбасары А.Тоғжанов Бөрлі ауданы бойынша «Д» және «Е» санатындағы отбасыларды азайту туралы баяндама жасады.
Кеңеске қатысушылар туындаған мәселелер бойынша сұрақтарды талқылап, облыс әкімінің орынбасары күн тәртібіне сәйкес бірқатар тапсырмалар берді.