Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 523 Жарлығы.
Қазақстанның жеке кәсіпкерлік субъектілерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік принциптерін қалыптастыру мен ілгерлету және оларды осы саладағы ең үздік тәрбиені енгізуге ынталандыру мақсатында қаулы етемін:
1) Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсын өткізудің ережелері;
2) Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.
Қазақстан Республикасының |
||
Президенті |
||
|
Қазақстан Республикасы |
|
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі
"Парыз" конкурсын өткізудің ережелері
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.09.2019 № 177 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
Конкурсты өткізудің мақсаттары:
1) жеке кәсіпкерлік субъектілерін өз қызметкерлері үшін, сол секілді тұтас алғанда қоғам үшін де әлеуметтік мәселелерді шешуге ынталандыру;
2) осы саладағы қолда бар оң тәжірибені көрсету және кеңінен тарату.
Жеке кәсіпкерлік субъектілері (бұдан әрі - үміткерлер) қатыса алатын конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өткізіледі.
Мемлекеттің акциялары, жарғылық капиталдарындағы қатысу үлесі 50 проценттен асатын ұйымдар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2010.07.16 N 1029 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз); 30.09.2019 № 177 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.
2. Конкурстың жеңімпаздарын айқындау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) шешімі негізінде лауреаттар атақтары жыл сайын мынадай:
1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі;
2) ірі кәсіпкерлік субъектісі санаттары бойынша беріледі.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2011.07.22 N 123 Жарлығымен.
Бағдарламалар мен олардың жобаларына үміткерлер дербес және/немесе азаматтық қоғам институттарымен және жергілікті атқарушы органдармен әріптестікте жүзеге асыратын және әлеуметтік салада оң өзгерістерге қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар кіреді.
Әлеуметтік жауапкершілік бәсекеге қабілеттілікті арттыруға тиіс.
2-тарау. Конкурсты өткізу тәртібі
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.09.2019 № 177 Жарлығымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 03.01.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
4-1. Конкурс жыл сайын осы ережелердің 13-тармағында көрсетілген номинациялар бойынша өңірлік және республикалық деңгейлерде өткізіледі.
Конкурстың өңірлік және республикалық кезеңдеріне қатысу тегін болып табылады.
Ескерту. Ережелер 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 01.08.2014 N 873 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
5. Үміткерлер материалдарды осы ережелерге сәйкес ресімдейді және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдарына қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.09.2019 № 177 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
6. Конкурсқа катысуға:
1) қызметін кемінде үш жыл жүзеге асыратын;
2) таратылу сатысында тұрмаған, банкрот деп танылмаған;
3) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының жойылмаған бұзушылықтары, оның ішінде қызметкерлерге жалақы және басқа да төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ;
4) қызметкерлермен ұжымдық еңбек даулары жоқ;
5) Қазақстан Республикасының аумағында саяси, кәсіподақ және діни ұйымдарды қолдауға бағытталуға тиіс емес әлеуметтік және қайырымдылық қызметті жүзеге асыратын;
6) конкурсқа қатысуға өтінімінде дәйекті мәліметтерді көрсеткен, сондай-ақ құжаттарды толық көлемде ұсынған үміткерлер жіберіледі.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 01.08.2014 N 873 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
7. Ұйымдастырушылар:
1) барлық үміткерлер үшін тең шарттарды;
2) коммерциялық құпияны білдіретін ақпараттың құпиялылығын;
3) оларды ресми түрде жариялайтын күннен бұрын конкурстың нәтижелері туралы мәліметтердің жария етілмеуін қамтамасыз етеді.
1) қаңтар – конкурстың басталуы туралы хабарлау;
2) жыл сайын 1 шілдеге дейін – жергілікті атқарушы органдардың өтінімдерді қабылдауы;
3) жыл сайын 1 қазанға дейін - жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссиялардың, республикалық маңызы бар қалалар және астана комиссияларының алдын ала жасаған қорытындыларын, конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін бір данада Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жіберуі;
4) желтоқсан – қорытындылар шығару, жеңімпаздарды марапаттау.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 01.08.2014 N 873 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 17.09.2014 № 911; 01.06.2019 № 57; 30.09.2019 № 177 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.
9. Жергілікті атқарушы орган:
1) конкурсты өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді және бекітеді;
2) үміткерлердің өтінімдерін бағалау үшін құрамына облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ұлттық кәсіпкерлер палатасының, кәсіптік одақтардың аумақтық бірлестіктерінің өкілдері кіретін сараптамалық жұмыс тобын құрады;
3) конкурсты өткізу тәртібі туралы ұйымдарды хабардар етуді ұйымдастырады;
4) конкурстың өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын марапаттайды.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 01.08.2014 N 873 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 30.09.2019 № 177 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.
10. Конкурсқа катысу үшін үміткерлер жергілікті атқарушы органдарға материалдарды екі данада жолдайды, оларда:
1) осы ережелерге қосымшаға сәйкес толтырылған өтінім;
2) үміткердің өз қызметінің деңгейін өзін-өзі бағалауын және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі бойынша нақты нәтижелерін білдіретін есебі болады;
Үміткердің есебінде:
заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы;
ұйымдық құрылымы; өзге де қосымша ақпарат;
3) есепке қосымша (ұжымдық шарттың көшірмесі және өзге де құжаттар);
4) Қазақстан Республикасының Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігі белгілеген және оның интернет-ресурсында орналастырылған нысанда толтырылған сауалнама болуы тиіс.
Ескерту. 10-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2010.07.16 N 1029 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз); 01.08.2014 N 873 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 17.09.2014 № 911; 01.06.2019 № 57 Жарлықтарымен.
11. Үміткердің мүмкіндіктері мен қызмет нәтижелерін сипаттайтын өлшемдерді конкурсты ұйымдастырушылар айқындайды.
11-1. Жергілікті атқарушы орган тиісті мемлекеттік органдардан конкурсқа қатысуға өтінімдерде үміткерлер көрсеткен мәліметтердің дәйектілігін растайтын ақпаратты сұратады және үміткерлерді осы ережелердің 6-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексереді.
Үміткерлерге қойылатын талаптарға сәйкессіздіктер анықталған ретте конкурсқа қатысуға өтінімнің қабылданбағаны туралы жазбаша хабарлама жіберіледі.
Ескерту. Ережелер 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 01.08.2014 N 873 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
11-2. Сараптамалық жұмыс топтары осы ережелердің 11-тармағында көрсетілген критерийлердің негізінде үміткерлердің өтінімдерін бағалауды жүргізеді және сараптамалық қорытындылар дайындайды.
Ескерту. Ережелер 11-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 01.08.2014 N 873 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
11-3. Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссиялар, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың комиссиялары сараптамалық жұмыс топтарының қорытындылары негізінде алдын ала қорытынды жасайды және конкурстың өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын айқындайды.
Жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссиялардың, республикалық маңызы бар қалалар және астана комиссияларының алдын ала қорытындыларын, үміткерлердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жібереді.
Ескерту. Ережелер 11-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 01.08.2014 N 873 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.09.2019 № 177 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.
12. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссиялардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астана комиссияларының алдын ала қорытындыларын қарағаннан кейін түпкілікті қорытынды жасап, оны үміткерлердің материалдарымен бірге Комиссияның қарауына ұсынады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.09.2019 № 177 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
13. Комиссия ұсынылған материалдардың негізінде жеңімпаздарды анықтайды және мынадай номинациялар бойынша конкурстың лауреаттары атақтарын беру туралы шешім қабылдайды:
1) "Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын".
Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы коғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеуді, кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі адамдарды барынша көп мөлшерде жұмысқа орналастыру және тағы басқалар) іске асыратын үміткерлердің кызметі қаралады;
2) "Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын".
Бұл номинацияда еңбек кызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады;
3) "Үздік ұжымдық шарт".
Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады;
4) "Экологияға қосқан үлесі үшін".
Бұл номинацияда қоршаған ортаның, қалдықтарды кәдеге жарату мен қайта өңдеудің жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын, іс-шараларын және жобаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.
Конкурста "Жылдың үздік әлеуметтік жобасы" арнайы сыйлығы бекітіледі.
Бұл арнайы сыйлықта бизнес іске асыратын, халықтың әлеуметтік осал және аз қамтылған топтарының жұмыспен қамтылуына және (немесе) тұрмыс жағдайларын жақсартуға ықпал ететін әлеуметтік жобалар қарастырылады.
Ескерту. 13-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2010.07.16 N 1029 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 01.08.2014 N 873 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 30.09.2019 № 177 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.
13-1. Гран-при - конкурстың жоғары наградасы жұмыста және корпоративтік әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаттарын іске асыруда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізген үміткерге беріледі.
Гран-при "Ірі кәсіпкерлік субъектісі" және "Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі" санаттарында беріледі.
Ескерту. Ереже 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2010.07.16 N 1029 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 30.09.2019 № 177 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.
14. Конкурс лауреаттарына тиісті диплом, эмблема және айрықшалық белгісі (мүсінше) беріледі.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 03.01.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
16-1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары конкурстың өңірлік кезеңін өткізу процесін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді және конкурстың республикалық кезеңіне қатысуға ұсынылатын үміткерлердің тізімін жариялауды қамтамасыз етеді.
Ескерту. Ережелер 16-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 01.08.2014 N 873 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.09.2019 № 177 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.
16-2. Ұйымдастырушылар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары конкурс жеңімпаздарының үлгісінде әлеуметтік жауапкершіліктің үздік тәжірибесін таратуды ұйымдастырады.
Ескерту. Ережелер 16-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 01.08.2014 N 873 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.09.2019 № 177 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.
17. Конкурс лауреаттары осы атақ берілгеннен кейін үш жыл бойы конкурс эмблемасын жарнамалық мақсаттарда пайдалану құқығын алады. Белгілі бір номинация бойынша конкурс лауреаты атағын алғаннан кейін екі жыл ішінде осы атақты алуға қайталап ұсынуға жол берілмейді.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 01.08.2014 N 873 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
|
Қазақстан Республикасы |
|
Бизнестің әлеуметтік |
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі
"Парыз" конкурсына қатысушының өтінімі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.09.2019 № 177 Жарлығымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
Тіркеу нөмірі __________
__________________________________________________________________________
БСН/ЖСН ________________________________________________________________
Тіркелген жері бойынша мекенжайы __________________________________________
Орналасқан жері бойынша мекенжайы _________________________________________
(тегі, аты, бар болса, әкесінің аты)
ЖСН (шетелдік азамат үшін паспорт нөмірі) ____________________________________
факс нөмірі) _______________________________________________________________
"Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын";
"Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын";
"Үздік ұжымдық шарт";
"Экологияға қосқан үлесі үшін".
__________________________________________________________________________
Қолы
Күні
|
Қазақстан Республикасы |
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі
"Парыз" конкурсының лауреаттары атақтарын беру
жөніндегі комиссия туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.09.2019 № 177 Жарлығымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
Комиссияның лауазымдық құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2011.07.22 N 123 Жарлығымен.
2-тарау. Комиссияның міндеттері мен құқықтары
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.09.2019 № 177 Жарлығымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
1) бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының лауреаты атағына үміткерлердің (бұдан әрі - үміткерлер) материалдарын қарау;
2) үміткерлерді бағалауды жүргізу және іріктеу;
3) конкурстың жеңімпаздарын (бұдан әрі - конкурс лауреаттары) анықтау болып табылады.
1) мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасауға;
2) Комиссия міндеттерін іске асыруға қажетті қосымша материалдарды конкурсты ұйымдастырушылардан сұратуға және алуға құқығы;
3) Комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға қажетті өзге де құқықтары бар.
3-тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 30.09.2019 № 177 Жарлығымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
1) Комиссияның төрағасы;
2) Комиссия төрағасының орынбасары;
3) Комиссияның хатшысы;
4) Комиссияның мүшелері кіреді.
Комиссияның жұмыс органына мынадай функциялар:
1) конкурстар өткізудің мерзімдері мен шарттары туралы бұқаралық ақпарат құралдары мен конкурсты ұйымдастырушылардың веб-сайттары арқылы хабардар ету;
2) әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссиялардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астана комиссияларының алдын ала қорытындыларын қарау, түпкілікті қорытынды жасау, оны және үміткерлердің материалдарын Комиссияның қарауына ұсыну;
3) Комиссия отырыстарын дайындау және ұйымдастыру;
4) конкурс лауреаттарын марапаттау рәсімін ұйымдастыру;
5) конкурс лауреаттарының тәжірибесін таратуға жәрдемдесу жүктеледі.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 01.08.2014 N 873 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 17.09.2014 № 911; 30.09.2019 № 177 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 12.05.2016 N 261 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Комиссияның шешімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
|
Қазақстан Республикасы |
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз"
конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссияның
лауазымдық құрамы
Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2011.07.22 N 123 Жарлығымен, өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2012.03.13 N 284; 12.02.2014 N 750; 01.08.2014 N 873 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 17.09.2014 № 911; 14.03.2017 № 446; 26.02.2019 № 862; 01.06.2019 № 57; 30.09.2019 № 177 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.01.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.
Қазақстан Республикасының Президенті - төраға
Әкімшілігінің Басшысы
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты - төрағаның орынбасары
әлеуметтік қорғау министрі
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты - Комиссия хатшысы
әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік
әріптестік департаментінің директоры
Комиссия мүшелері:
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан кәсіпкерлері форумының президенті (келісім бойынша)
Қазақстанның тауар өндірушілері мен экспорттаушылары одағының президенті (келісім бойынша)
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК