Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бойынша 2024 жылы 1 желтоқсанына атқарылған жұмыстар жөнінде ақпараты

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бойынша 2024 жылы 1 желтоқсанына атқарылған жұмыстар жөнінде ақпараты

2024 жылдың III тоқсан бойынша облысымызда жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,8%, 15-35 жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,6%, әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,7% құрады.

2024 жылы 22 815 адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту жоспарланып, ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына 23 358 адам әр түрлі шараларға жолданды. 18 056 адам жұмысқа орналастырылды.

- 638 адамды әлеуметтік жұмыс орындарына жолдау жоспарланып, есепті кезеңге 647 адам жолданды.

- 1 981 жас маманды жастар практикасына жолдау жоспарланып, есепті кезеңге 1 610 адам жолданды.

- 1 933 адамды ақылы қоғамдық жұмыстарға тарту көзделіп, есепті кезеңге 3 883 адам тартылды.

- 250 адамды алғашқы жұмыс орындарына жолдау жоспарланып, 256 адам жолданды.

- 308 адамды «Күміс жас» жобасына жолдау жоспарланып, 326 адам жолданды.

- 18 адамды «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына жолдау жоспарланып, 19 адам жолданды.

- 3 555 адамды «Бастау Бизнес» жобасына жолдау жоспарланып, 2 753 адам жолданды.

- жұмыс берушілердің сұратуы бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 355 жұмыссыз адамды білім беру ұйымдарында оқыту жоспарланып, 411 адам жолданды.

- Жұмыс берушілердегі жұмыс орнында кәсіптік оқытуға 50 адамды оқыту жоспарлануда.

- 395 адамға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру жоспарланып, 389 адамға грант берілді..

- 268 жасқа несие беру жоспарлануда.

- 1 605 адамды әр түрлі мамандық бойынша онлайн оқыту жоспарланып, 1 749 адам оқыды.

Бұдан басқа, жұмыс берушілер мәлімдеген бос жұмыс орындарына 11 459 адамды тұрақты жұмыс орнына орналастыру жоспарланып, есепті кезеңге 11 315 адам орналасты.

Жұмыс орындарын құру бойынша. 2024 жылы облыс бойынша 13 221 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланған.

2024 жылдың 1 желтоқсанына 16 363 (123,8%)  жұмыс орны құрылды, соның ішінде 9 622 (58,8%) тұрақты, уақытша және маусымдық 6 741 (41,2%) жұмыс орындары. Жалпы құрылған жұмыс орындарының  10 407 (63,6%) – ауылдық жерде.

Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу бойынша:

Жергілікті атқарушы органдары аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) әлеуметтік қолдау көрсету бойынша үнемі жұмыстар жүргізуде.

2024 жылдың 1 желтоқсанына жергілікті бюджет қаражаты есебінен аудандық/қалалық мәслихаттардың шешімдеріне сәйкес:

  • тұрғын үй көмегі 697 отбасына 17,9 млн.теңгеге;
  • үйде оқытылатын мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік көмек 497 отбасына 58,0 млн.теңгеге;
  • азаматтардың жекелеген санаттарына, өмірлік қиын жағдайдағы азаматтарға әлеуметтік көмек 24 903 адамға 2019,5 млн.теңгеге көрсетілді.

Қайырымдылық көмек 10 688 отбасына 237,8 млн.теңгеге көрсетілді.

Әлеуметтік  қорғау:

Облыс бойынша жалпы мүгедектігі бар адамдар саны 24791 адам, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар саны 3130.      

2024 жылдың 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 16330 мүгедектігі бар адамдарға берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен әлеуметтік қызметтер алушылардың 15024 қамтамасыз етілді, немесе 92% қамтамасыз етіліп отыр (2024ж. жоспар-95%).

 Мүгедектігі бар адамдарды медициналық оңалту бағытында 2048 адам протездік-ортопедиялық құралдармен, 1753 адам санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етілді. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтіқ оңалту бағытында 331 адам сурдологиялық көмекпен 2143 адам тифлотехникалық құралдармен, 700 адам кресло-арбамен, 6979 адам міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар мүгедектердің жеке оңалту бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын 800 адам жеке көмекші қызметімен, 270 адам ымдау тілі маманының қызметімен қамтамасыз етілді.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің inva.gov.kz мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы жаңартылған ақпараттық порталы енгізілді.  Аталған  порталға, барлық 1740 объект енгізілді.

2023 жылы «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы бірлескен іс-шаралар жоспарын 85 тармағы «Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін инфрақұрылымды жақсарту» бойынша 2027 жылға дейін 1200 объектіні 4 санатты мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді болуда стандарттарға сәйкестендіру жұмыстарын жүргізу тапсырылып отыр.

Осы ретте, 2023 жылдан бастап жаңадан 20% 2024 жылы 40 %, осылай 2027 жылға дейін  барлық объектілер 100 % болуы керек.

2024 жылы 219 объектіні бейімдеу жоспарланып, қазіргі уақытта 199 объекті бейімделді, немесе 91 %.

Облыс бойынша Бөкейорда, Шынғырлау аудандарынан басқа, 10  ауданда және Орал қаласында Инватакси қызметіне әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жергілікті бюджеттен 276,6 млн.тенге  қарастырылып, қазіргі уақытта Инватакси қызметі мүгедектігі бар адамдарға 4 бағыт бойынша  997 мүгедектігі бар адамдарға (оның ішінде 499 бала) қызмет көрсетілді.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер облыс бойынша стационарлық үлгідегі 11 орталық, жартылай стационарлық  үлгідегі  1 орталық, 2 күндізгі болу бөлімшесі, үйден әлеуметтік қызмет көрсететін 31 бөлімше, белгілі тұрағы жоқ тұлғаларға арналған 1 мекеме, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған 1 мекеме, 5 үкіметтік емес ұйымдар арқылы көрсетіледі.

2024 жылдың 1 желтоқсанына 5 905 адам арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылды.

Соның ішінде: қарттар мен 1,2 топ мүгедектігі бар тұлғалар – 3 259, психоневрологиялық ауытқушылығы бар 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдар – 1229, мүгедектігі бар балалар – 579, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары – 143, тұрғылықты жері жоқ өмірлік қиын жағдайда қалған адамдар – 695.

Сонымен қатар халықтың әлеуметтік осал топтарының әл-қуатын жақсарту және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің баламалы нысандарын дамыту мақсатында 2022 жылғы маусым айында ментальді бұзушылықтары бар адамдар үшін 20 орындық Өз бетімен тұруды сүйемелдеу үйі ашылды.

Бұл орталық ментальдық бұзушылықтары бар мүгедіктігі бар адамдарды қайта әлеуметтендірілуге, еңбек дағдыларын дамытуға барынша үй жағдайына жақын жағдай жасауға мүмкіндік береді. Өз бетімен тұруды сүйемелдеу үйінің негізгі міндеті – мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтендіру, олардың тұрмысты, еңбекті, демалыс уақытын ұйымдастыруда барынша өздігінен жасауды жетілдіру, әлеуметте өзара әрекет етуін барынша қолдау болып табылады. Қазіргі таңда Өз бетімен тұруды сүйемелдеу үйінде 18 адам тұруда.

Шетел жұмыс күші жөнінде жағдай бойынша:

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы облыс аумағына тартылатын шетел жұмыс күшінің мониторингін жүргізеді.

Қазақстан Республикасының аумағына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №279 «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» және №274 «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтарымен реттеледі.

Шетелдік жұмыс күшін тартатын компаниялар негізінен, Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кенішін дамытуда, Чинарево мұнай және газ кеніштерін игеруде жұмыс істейді.

«Қарашығанақ кеніші мердігерлік учаскесінің өнімін бөлу туралы Түпкілікті келісімге» (ӨБТК) сәйкес кеніштегі негізгі мердігерлер «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б.в.» (КПО б.в.) қазақстандық компаниясы болып табылады. Кеніштегі қалған компаниялар оның мердігерлері және қосалқы мердігерлері болып саналады. Олар дүние жүзіндегі мұнайгазкондесат кенорындарда ең ірі компаниялардың бірі Қарашығанақта құрама мамандырылған инженерлік қызметтер көрсетеді.

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметімен жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгіленеді.  

Батыс Қазақстан облысы бойынша 2024 жылына квота белгіленді: барлығы 957 бірлік, соның ішінде І санатты – 27 бірлік, ІІ санатты – 289, ІІІ санатты – 266, ІV санатты – 0 және маусымдық қызметкерлерге – 375 бірлік. 2024 жылдың 1 желтоқсандағы жағдай бойынша квотадан нақты 879 бірлік пайдаланылды, немесе 92%.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 24 қарашадағы «Еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты талап етілмейтін адамдардың тізбесін айқындау туралы» №1041 қаулысының 1-қосымшасында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты талап етілмейтін адамдардың тізбесі көрсетілген.

Тартылатын шетелдік жұмыс күші көбінесе Италия, Ұлыбритания, Үндістан, Нидерланды, Румыния, Өзбекістан және т.б. елдерден.

Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу және ұзарту ақылы болып табылады. 2024 жылы 11 айдың қортындысы бойынша шетелдік жұмыс күшін тартушы жұмыс берушілерден облыс бюджетіне 375 млн. теңгеден астам салық алымдары түсті. Ал 2023 жылы жұмыс берушілерден 438,1 млн. теңгеден астам салық алымдары түскен болатын.

Қандастар туралы. Батыс Қазақстан облысы бойынша 2024 жылдың 1 желтоқсанға 114 адам этникалық қазақтар қабылданып, қандас мәртебесін беру немесе ұзарту берілді, оның ішінде Ресей Федерациясынан 80 адам, Өзбекстан Республикасынан 23 адам, Түркменстан Республикасынан 5 адам, Әзірбайжан Республикасынан 1 адам, Тажікстан Республикасынан 1 адам, Қырғызстан Республикасынан 3 адам, Ливан Республикасынан 1 адам. Келген қандастардың арасында еңбекке жарамды жастағылар – 82 адам, зейнеткерлер – 10 адам. Еңбекке жарамды тұлғалардың ішінде 31 адам жоғары білімді, 51 адам орта кәсіптік білімді, оның ішінде 82-і тұрақты жұмыста. Көшіп келген қандастардың облыс бойынша орналасуы: Ақжайық ауданы – 2 адам, Бәйтерек ауданы – 9 адам, Бөрлі ауданы – 5 адам, Теректі ауданы – 1 адам, Тасқала ауданы – 7 адам, Орал қаласы – 90 адам. 33 адамға қандас мәртебесі ұзартылды.

Босқындар туралы. 2024 жылдың 1 желтоқсанға Батыс Қазақстан облысы бойынша 30 шетел азаматы босқын мәртебесін алу үшін жазбаша өтініш  берді. Соның ішінде Украинадан – 23 адам, Ресей Федерациядан – 2 адам, Иран -1 адам, Израиль - 3, Ауғанстан - 1.

Барлық шетелдік азаматтарға босқын мәртебесін беру тәртібін жүзеге асыру жөніндегі Комиссияның қарауына дейін босқын деп тану туралы өтініш білдірген шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының аумағында болуының заңдылығын растайтын пана іздеушінің куәлігі берілді. Бүгінгі таңда облыс бойынша пана іздеуші адамдар ретінде куәлігін алғандардың саны – 18 адам. Соның ішінде Украинадан – 12 адам, Ресей Федерациядан – 1 адам, Иран -1 адам, Израиль - 3, Ауғанстан-1.

Қалғандары өз еркімен басқа өңірлерге кетуіне, өз елдеріне қайтуына, ҚР шекарасынан шығуына және Қазақстан Республикасының ыхтияр хатын алуына байланысты өтініш білдіргендер.

Комиссия шешіміне сәйкес 7 Украина азаматына босқын мәртебесі 1 жыл мерзіміне берілді.

Әлеуметтік әріптестік туралы. Облыстық әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның қызметі жергілікті атқарушы органдардың, облыс жұмыскерлері мен жұмыс берушілерінің өкілдері отырысы, ұжымдық келіссөздер, консультациялар, әлеуметтік-еңбек және олармен байланысты экономикалық қатынастардың негізгі бағыттары бойынша тараптар мүдделерін келістіру түрінде жүзеге асырылады.

2024 жылы үшжақты комиссия отырыстарының жалпы саны (2024 жылғы 1 желтоқсан жағдайы бойынша) – 58 (соның ішінде облыстық – 3, қалалық – 4, аудандық – 51).

Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық, аудандық және қалалық үшжақты комиссиялардың отырыстарында еңбек қатынастары сұрақтары, ұжымдық шарттарға қол қою барысы сұрақтары және олардың орындалуы, облыс кәсіпорындарында еңбек қақтығыстарын ескерту жұмыстары туралы, еңбек қауіпсіздігі, жалақы бойынша облыс кәсіпорындарының берешектері жөнінде, сонымен қоса өндірістік жарақаттанудың өсуінің алдын алу және еңбек саласындағы тағы басқа сұрақтары комиссиялардың отырыстарында қарастырылады.