
Жергілікті атқарушы органдары аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға)әлеуметтік қолдау көрсету бойынша үнемі жұмыстар жүргізуде.
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне:
• атаулы әлеуметтік көмек 3 039 отбасына оның ішінде 14 588 адамға, с.і. 964 көп балалы отбасыға 751,4 млн.теңгеге көрсетілді.
Кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер АӘК алушы отбасылардағы 1-ден 6 жасқа дейінгі 3 291 балаға 158,3 млн.теңгеге тағайындалды.
• тұрғын үй көмегі 1 040 отбасына 36,0 млн.теңге көлемінде;
• үйде оқытылатын мүгедек-балаларға әлеуметтік көмек 423 отбасына 28,2 млн.теңгеге;
• жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына, өмірлік қиын жағдайдағы азаматтарға әлеуметтік көмек 23 885 адамға 1 184,2 млн.теңгеге көрсетілді.
Қайырымдылық көмек 4 602 отбасына 108,7 млн.теңгеге көрсетілді.