Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын іске асыру мақсатында және әлеуметтік көмектер бойынша кездесу өтті

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын іске асыру мақсатында және әлеуметтік көмектер бойынша кездесу өтті
Бүгін 22 қыркүйек облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Дилдаш Искакова, басқарманың жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы Самал Темирова және мүгедектер істері жөніндегі бөлімінің бас маманы Елена Затынайченко Бөкейорда ауданында әлеуметтік саладағы түйткілді мәселелер мен енгізілген соңғы өзгерістер бойынша түсінік жұмыстарын жүргізді.
- Отбасылық цифрлық карта бұрын қолданыста болған әлеуметтік картаның баламасы сияқты. Отбасы туралы толыққанды мәлімет тіркеледі. Бұған дейін АӘК алуға ниеттілер құжат жинап, өздері әкеп тапсырса, енді жәрдемақы тағайындау проактивті түрде жүзеге асатын болады. Ол үшін округ әкімдігі бар, тиісті сала мамандары бар, жеке тектік мәлімет енгізуде ыждағаттылық танытуымыз қажет. Тағы бір айта кететін жайт, тарифтер дифференциялаудың салдарын да естен шығармауымыз керек. Әр азамат мемлекеттік жәрдемақылар, үкімет тарапынан көрсетілетін қолдаулар туралы білуге тиісті. Мысалы, қарапайым ғана тұрғын үй көмегі туралы айтсақ та жеткілікті. Бұл туралы екінің бірі біледі деп айта алмаймын. Ол үшін халыққа қажетті ақпараты жеткізіп, хабардар етіп отыруымыз керек, - деді өз сөзінде Дилдаш Салауатқызы.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Самал Темірова әлеуметтік бағдарламалардың іске асырылу барысына тоқталып өтті.
Басқосуда округ әкімдері қоғамдық жұмыс, әлеуметтік жәрдемақыға қатысты мәселелерді алға тартып, өздерін мазалаған сұрақтарына жауап алды.