Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында Әлеуметтік сала ардагерлерімен кездесу өтті.

Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында  Әлеуметтік сала ардагерлерімен кездесу өтті.

Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында "Ұрпақтар сабақтастығы" мақсатында Әлеуметтік сала ардагерлерімен кездесу өткізілді, ол мемлекеттік қызметшілердің жас буынын тәрбиелеуге бағытталған.
Кездесуге әлеуметтік саласының ардаргерлері және БҚО облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Хайруллина Айман Рафикқызы қатысты.
Жылы жүздесу барысында осы салада жемісті еңбек еткен ардаргерлеріміз өз ақыл-кеңестерімен бөлісті. Құрметті зейнет демалысында жүрген ардагерлеріміз қызмет атқарған уақытында жұмыс барысында болған қиындықтар мен күлкілі оқиғаларды айтып, жастармен өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар жас мамандар аянбай еңбек етіп, үнемі ізденісте жүру керектігі туралы баса айтты. Кездесу соңында басқарма басшысы Альберт Темірболатұлы Есалиев уақыттарын бөліп келгені үшін ардагерлерге ұжым атынан алғыс білдірді.