Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз-2021" республикалық конкурсында қазақстандық филиалы «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» Гран-при жүлдесін жеңіп алды.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз-2021" республикалық конкурсында қазақстандық филиалы «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» Гран-при жүлдесін жеңіп алды.

Конкурс мемлекетіміздің тұңғыш Президентінің бастамасы бойынша 2008 жылдан бері өткізілуде. Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Жарлығымен «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсын өткізудің ережелері» бекітілді (бұдан әрі – Қағида).

Бұл конкурсқа жеке кәсіпкерлік субъектілер қатыса алады.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.

«Парыз» сыйлығы – кәсіпкерлік субъектілеріне әлеуметтік бастамаларды белсенді қолдағаны, қоршаған ортаға қамқорлық көрсеткені және өз қызметкерлеріне қауіпсіз еңбек жағдайын жасағаны үшін берілетін ең беделді марапаттардың бірі.

Конкурс келесі номинациялар бойынша конкурс жүргізіледі:

      "Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын".

      Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы коғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеуді, кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі адамдарды барынша көп мөлшерде жұмысқа орналастыру және тағы басқалар) іске асыратын үміткерлердің кызметі қаралады;

      "Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын".

      Бұл номинацияда еңбек кызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады;

      "Үздік ұжымдық шарт".

      Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.

      "Экологияға қосқан үлесі үшін".

      Бұл номинацияда қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.

     "Жылдың үздік әлеуметтік жобасы" арнайы сыйлығы.

      Бұл арнайы сыйлықта бизнес іске асыратын, халықтың әлеуметтік осал және аз қамтылған топтарының жұмыспен қамтылуына және (немесе) тұрмыс жағдайларын жақсартуға ықпал ететін әлеуметтік жобалар қарастырылады.

 

      Гран-при - конкурстың жоғары наградасы жұмыста және корпоративтік әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаттарын іске асыруда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізген үміткерге беріледі.

Осы жылы Гран-при ең жоғары жүлдесін «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» қазақстандық филиалы жеңіп алды. Айта кету керек, биыл компани бірден үш номинацияға қатысты: "Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын", "Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын" және "Экологияға қосқан үлесі үшін".

Марапаттау рәсімі Нұр-Сұлтан қаласында өтті.

Қазақстан Республикасы Президентінің атынан компаниянын бас директоры Джанкарло Руюға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин марапатты табыс етті.

«Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» қазақстандық филиалы байқауда жыл сайын қатысуда, марапаттарды бірінші рет алып отырған жоқ.  Осылайша, 2008 жылы компанния "Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын" номинация бойынша 3-ші орын, 2009 жылы  "Үздік ұжымдық шарт" номинация бойынша 3-ші орын, «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» номинациясы бойынша 2010 жылы «Алтын Парыз» 1-ші орын және 2013 жылы «Күміс Парыз» 2-ші орынға ие болды.

Облысымызда  кәсіпкерлік субъектілерімен байқаудын бас жүлдесін алуы бірінше рет емес: 2016 жылы ең жоғары марапатты Гран-при «Ақсайгазсервис» АҚ-мы, 2017 жылы «Белес Агро» ЖШС-і жеңіп алды.