Даулетов Арман Оразғалиұлы Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры лауазымына тағайындалды.

Даулетов Арман Оразғалиұлы Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры лауазымына тағайындалды.

   Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы А.Құлқаевтың 2021 жылғы 19 шілдедегі №69-шт бұйрығымен Дәулетов Арман Оразғалиұлы Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры лауазымына тағайындалды.

   Арман Оразғалиұлы, 1979 жылғы 7 тамызда Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы, Мухор ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2001 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы тарих пәнінің мұғалімі. 2008 жылы Евразиялық Академияда мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығын алған.

   Алғаш еңбек жолын 2001 жылы Мухор ауылындағы Жангелдин атындаға жалпы орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып бастап, 2002-2005 жылдары осы мектептің директоры, 2005-2009 жылдары С.Мендешов атындағы жалпы орта мектебінің директоры. 2009-2011 жылдары аралығында Орал қарттар және мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік мекемесі директорының шаруашылық саласындағы орынбасары. 2011 жылдан бастап 2021 жылғы 19 шілдеге дейін Орал қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты Зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығының директоры лауазымында болды.