Хангереев Самат Нағымұлы ауысу тәртібімен Көшім арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры лауазымына тағайындалды.

Хангереев Самат Нағымұлы ауысу тәртібімен Көшім арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры лауазымына тағайындалды.

   Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы А.Құлқаевтың 2021 жылғы 19 шілдедегі №68-шт бұйрығымен Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Хангереев Самат Нағымұлы ауысу тәртібімен Көшім арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры лауазымына тағайындалды.

   Самат Нағымұлы, 1963 жылғы 17 шілдеде Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Марксизм ауылында дүнеиеге келген. Білімі жоғары, 1985 жылы «А.С.Пушкин» атындағы Орал педагогикалық институтын бітірген, мамандығы тарих және қоғамтану мұғалімі, тәрбие жұмысының методисті.

   Алғашқы еңбек жолы 1985 жылы басталып, Шыңғырлау ауданында Амангелді атындағы мектепте тарих пәнінің мұғалімі, 1987 жылы Белогор мектебінің мұғалімі, 1989-2003 жылдар аралығында Белогор селолық Кеңесінің төрағасы, Әкімшілігінің басшысы. 2003-2012 жылдары Шыңғырлау ауданы білім бөлімінің меңгерушісі, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, Аудан әкімінің орынбасары лауазымдарында болды.

2012 - 2020 жылдары Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары лауазымында мемлекеттік қызметтер атқарды.

   2020 жылдың қыркүйек айынан бастап 2021 жылғы 19 шілдеге дейін Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры қызметін абыроймен атқарды.