Садбеков Кемел Ермекұлы ауысу тәртібімен "Шапағат" арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры лауазымына тағайындалды.

Садбеков Кемел Ермекұлы ауысу тәртібімен "Шапағат" арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры лауазымына тағайындалды.

   Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы А.Құлқаевтың 2021 жылғы 19 шілдедегі №66-шт бұйрығымен Көшім арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Садбеков Кемел Ермекұлы ауысу тәртібімен «Шапағат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры лауазымына тағайындалды.

   Кемел Ермекұлы, 1968 жылы 4 наурызда Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданының Бостандық ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1992 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын бітірген, мамандығы экономист-ұйымдастырушы.

   Еңбек жолын 1985-1998 жылдары аралығында Бостандық совхозында жұмысшы болып бастап, Директор орынбасары, Кәсіподақ комитетінің төрағасы болған. 1999-2009 жылдары Казталов ауданы әкімдігінің әлеуметтік және ұйымдастыру-кадрлық саласында бас маман, бас инспекторы, бөлім басшысы, Аудан әкімінің орынбасары лауазымдарын абыроймен атқарды. 2009-2012 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының бас инспекторы, 2012-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы лауазымында мемлекеттік қызметтер атқарды. 2015 жылдан бастап 2021 жылғы 19 шілдеге дейін Көшім арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры лауазымында болды.