Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді.

Облыс тұрғындарымен кездесіп, жеке қабылдау өткізді. Көтерілген мәселелердің басым бөлігі инватакси қызметтерін көрсету бағыттарына, мүгедектігі бар адамдар сатып алатын тауарлардың сапасы бойынша "Әлеумет" әлеуметтік қызметтер порталына, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге, сондай-ақ өндірістік жарақаттану мәселелеріне қатысты болды. Көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, оларды шешу бағытында жауапты мемлекеттік органдарға тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар,  «Ақжайық» мүгедектігі бар адамдарды абилитация және оңалту орталығы,  «Желаев нан өнімдері комбинаты» АҚ, «WORLD GREEN COMPANY» ЖШС жылыжай кешені, «Стекло-Сервис» ЖШС және «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС жұмыс барысымен танысты.