Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келеді.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келеді.

2026 жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келеді.
Сапар аясында бірінші вице-министр өңір тұрғындарымен кездесу өткізіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды, сондай-ақ бірқатар маңызды нысандарды аралайды.
Кездесу барысында әлеуметтік-еңбек саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, өңір тұрғындарының ұсыныстары мен проблемалық сұрақтары қарастырылатын болады.
Бірінші вице-министрдің атына жолданатын сұрақтар мен ұсыныстарды келесі байланыс арналары арқылы жіберуге болады:
• ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсы – www.gov.kz;
• Egov.kz электрондық үкімет порталы;
• «E-Өтініш» азаматтардың өтініштерін қабылдау және өңдеудің бірыңғай платформасы – suraktar.kz.
Сонымен қатар төмендегі телефон нөмірлері арқылы да хабарласуға болады: 8 (7172 74 37 23, 74 36 79).