
Ағымдағы жылдың 7, 9, 14 сәуірінде Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары Тасқала, Бәйтерек, Ақжайық, Теректі, Шыңғырлау және Бөрлі аудандарының әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік көмек көрсету, «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесіндегі отбасыларды «дағдарыс» және «мүшкіл» санаттарынан неғұрлым қолайлы санаттарға ауыстыру, әкімнің цифрлық жұмыс орны, отбасын қолдау орталықтарының жұмыстары және жұмыспен қамту мәселелері жөнінде аймақтық семинар-кеңес өткізді.
Семинар-кеңеске аталған аудандардың әкім орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшылары мен мамандары, мансап орталықтарының мамандары, отбасын қолдау орталығының директорлары мен мамандары қатысты.
Іс-шара барысында әлеуметтік саладағы өзекті мәселелер кеңінен талқыланып, нақты ұсыныстар мен пікірлер айтылды.