
2026 жылғы 12 ақпанда Батыс Қазақстан облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты Ақжайық мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығында Конституциялық реформа аясында жаңа Конституцияны талқылауға арналған кездесу өтті.
Іс-шараға облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері – еңбек ардагері С. Сүлеймен және БҚО Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Г. Шукеева қатысып, Конституциялық реформаның маңызы мен негізгі бағыттары туралы баяндама жасады.
Кездесу барысында әлеуметтік сала мамандары өз сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.
Жиынды БҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ж. Абдолов жүргізді.
Шара қорытындысында қатысушылар Конституциялық реформаны қолдайтындықтарын білдірді.