
Ағымдағы жылдың 15 қаңтары күні облыс әкімінің орынбасары Т.Каюповтың төрағалық етуімен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының 2025 жылғы атқарылған жұмыстары және алға қойған жоспарлары жөнінде кеңес өткізілді. Кеңеске БҚО жұмыспен қамтуды үйлестру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Б.Абуов және орынбасары Ж.Абдолов, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Ж.Беріков және орынбасары А.Мұқанова, БҚО денсаулық сақтау басқармасының орынбасары А.Жүнісбеков, БҚО Құрылыс басқармасының орынбасары А.Кабенова және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы директорлары қатысты. Кеңесте арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының жоспарлары және проблемалық мәселелері талқыланып, шешу жолдары қаралды.