
Бүгін БҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында Сүлеймен Серік Кенжебекұлының мерейлі 70 жасқа толуына орай құттықтау іс-шарасы өтті.
Серік Кенжебекұлы - 2002-2007 ж.ж. БҚО Еңбек, халықты еңбекпен қамту және әлеуметтік қорғау департаментінің директоры қызметін атқарған білікті басшы.
Бүгінгі кездесуге Серік Кенжебекұлымен бірге қызмет атқарған бірқатар үзеңгілес әріптестері, ізбасарлары және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің БҚО бойынша департаменті және облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының және бағынысты мекемелердің мамандары қатысып, ақжарма тілек-лебіздерін жеткізді.
Өз кезегінде Серік Кенжебекұлы барлық кездесуге қатысушыларға, басқарма ұжымына ризашылығын білдірді.