Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бойынша 2026 жылы 1 қаңтарына атқарылған жұмыстар жөнінде ақпараты

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бойынша 2026 жылы 1 қаңтарына атқарылған жұмыстар жөнінде ақпараты

2025 жылдың III тоқсан бойынша облыстағы жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,7%-ды, ал жастар арасындағы жұмыссыздық 3,6%-ды құрап отыр.

Атаулы әлеуметтік көмек (ары қарай - АӘК) 1 456 отбасына, оның ішінде 7508 адамға, 618,5 млн.теңгеге көрсетілді. АӘК алушылар қатарында 647  көпбалалы отбасы бар.

2025 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен аудандық/қалалық мәслихаттардың шешімдеріне сәйкес:

  • тұрғын үй көмегі 509 отбасына 16,8 млн.теңгеге;
  • үйде оқытылатын мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік көмек 474 отбасына (481 балаға) 67,7 млн.теңгеге;
  • азаматтардың жекелеген санаттарына, өмірлік қиын жағдайдағы азаматтарға әлеуметтік көмек 23 378 адамға 1,7 млрд.теңгеге көрсетілді.

2026 жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша жалпы мүгедектігі бар адамдар саны 26249, соның ішінде 18  жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар саны 3638.

2026 жылдың 1 қантардағы жағдай бойынша 18850мүгедектігі бар адам техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етілді.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің inva.gov.kz мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы жаңартылған ақпараттық порталы енгізілді.  Аталған  порталға, барлық 1729 объект тіркелген, 1358 объект немесе 78,5% толық бейімделген.

2027 жылға дейін 100 % бейімдеу жоспарлануда.

Облыс бойынша Инватакси қызметіне әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жергілікті бюджеттен 503,8 млн.тенге  қарастырылды. 2026 жылдың 1 қаңтарына 1326 мүгедектігі бар адамдар, соның ішінде 606 балалар Инватакси қызметімен қамтамасыз етілді.

2025 жылы облыс бойынша стационарлық үлгідегі 11 орталық, жартылай стационарлық  үлгідегі  2 орталық, 2 күндізгі болу бөлімшесі, үйден әлеуметтік қызмет көрсететін 13 ұйым, белгілі тұрағы жоқ тұлғаларға арналған 1 мекеме, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған 1 мекеме, 4 үкіметтік емес ұйымдар арқылы қызмет көрсетілді.

2026 жылдың 1 қантарына 6271 адам арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылды.

Соның ішінде: қарттар мен 1,2 топ мүгедектігі бар тұлғалар – 3594, психоневрологиялық ауытқушылығы бар 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдар – 1251, мүгедектігі бар балалар – 676, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары – 105, тұрғылықты жері жоқ өмірлік қиын жағдайда қалған адамдар – 645.

Орал қаласында заманауи стандарттар мен технологияларға сәйкес келетін мүгедектігі бар адамдарға арналған 150 орындық Ақжайық оңалту орталығы ашылды.

Оңалту орталығының негізгі мақсаты – тірек-қимыл аппараты бұзылған, психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектігі бар балаларды  және бірінші, екінші топ мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалту шараларымен қамтамасыз ету болып табылады.

2026 жылдың 1 қаңтарына оңалту орталығында 394 адам қызметпен қамтылды. Оның ішінде балалар саны - 93.