Мемлекеттік наградалар табысталды

Мемлекеттік наградалар табысталды
Бүгін Батыс Қазақстан облысында әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және түрлі салалардағы елеулі еңбегімен көзге түскен азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Марапаттарды облыс әкімі Нариман Төреғалиев салтанатты түрде табыс етті.

Өз саласында абыроймен еңбек еткен азаматтар ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені, «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдары, «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» төсбелгісі, сондай-ақ ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатына ие болды.