Әлеуметтік сала үздіктері марапатталды

Әлеуметтік сала үздіктері марапатталды

Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен және «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 2025 жылдың 22 қазан күні Республика күні мен Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты марапаттау шарасы өтті.

Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Б. Абуов әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады. Өз сөзінде ол халықтың әл-ауқатын арттыру мен әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етудегі сала мамандарының еңбегін ерекше атап өтті.

Мерекелік кеш барысында жыл бойы табысты еңбек етіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізген әлеуметтік сала мамандары мен мекемелер марапатталды.

Шара соңында қатысушыларға арналған мерекелік концерт ұсынылып, жылы лебіздер мен қуанышты көңіл-күй кештің сәнін келтірді.