Волейболдан әлеуметтік сала қызметкерлері арасында облыстық турнир

Волейболдан әлеуметтік сала қызметкерлері арасында облыстық турнир

БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне арналған әлеуметтік сала қызметкерлері арасында волейболдан облыстық турнир өткізілді.

20-21қазан аралығында өткен жарысқа облыстың әлеуметтік саласында жұмыс істейтін мамандардан 25 команда қатысты.

Турнир нәтижесі бойынша Бөкей Орда аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен Бөкей Орда аудандық мансап орталығынан құрылған команда жүлделі үшінші орын, Круглоозерный арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының командасы екінші орын иеленіп, Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының командасы жеңімпаз атанды.