«Еңбек. Адам. Құрмет» жұмысшы мамандықтар фестивалі өтті

«Еңбек. Адам. Құрмет» жұмысшы мамандықтар фестивалі өтті

2025 жылдың 18 қазан күні Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Еңбек. Адам. Құрмет» жұмысшы мамандықтар фестивалі өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – еңбек адамының мәртебесін арттыру, жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын насихаттау және өңір тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтуға ықпал ету болды.

Фестиваль барысында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылып, оған Орал қаласы мен аудандардан келген ірі кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелер қатысты. Атап айтқанда, «КПО Б.В.», «СКФ Отделстрой», «Гидромаш-Орион-МЖБК», «UNISERV», «KazConstructionGroup» секілді жетекші компаниялар өз жұмыс ұсынуларын таныстырды.

Сонымен қатар, мемлекеттік қайтарымсыз грант иегерлері қатысқан кәсіпкерлер жәрмеңкесі өтті. Онда жас кәсіпкерлер мен шағын бизнес өкілдері өз өнімдерін көрмеге қойып, көпшілік назарына ұсынды.

Фестиваль соңында Орал қаласы мен барлық аудандардың мемлекеттен қайтарымсыз грант алған грант иегерлеріне ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алғыс хаттары табысталды.