Қарлығаш- әр үйге бақыт ұяласын

Қарлығаш- әр үйге бақыт ұяласын

Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ағымдағы жылдың 17 қазанында «Мейірбандық күндері» облыстық қайырымдылық айлығы аясында және Республика күнімен тұспа-тұс келген мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар арасында ұйымдастырылған «Қарлығаш- әр үйге бақыт ұяласын» атты конкурстың марапаттау шарасы өтті.

​​Іс-шараның басты мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеу, отбасы институтының мәртебесін көтеру және ата-аналардың балалар, соның ішінде мүгедектігі бар балалар тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру.

Конкурсқа облыстың аудандарынан және Орал қаласынан барлығы 13 отбасы қатысты. Сонымен қатар, шараға мемлекеттік органдар мен белсенді үкіметтік емес ұйымдар өкілдері де қатысты.

​​Шараға облыс әкімінің орынбасары Т. Каюпов қатысып, қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, жеңімпаздарды марапаттады.

Конкурс нәтижесінде:
1-орын иегері - Утешовтер отбасы (Бокейорда ауданы);
2-орын иегері - Сағынғалиевтер отбасы (Сырым ауданы);
3-орын Калмурзиндер отбасы (Орал қаласы).

Сонымен қатар, «Үздік отбасылық қолдау» номинациясы бойынша Бөрлі ауданынан Нугмановтар отбасы, Тасқала ауданынан Нурмухановтар отбасы, Теректі ауданынан Галимовтар отбасы марапатталды.
«Шығармашылық отбасы» номинациясы бойынша Ақжайық ауданынан Төремұратовтар отбасы, Бәйтерек ауданынан Сагингалиевтер отбасы, Жаңақала ауданынан Кенжегалиевтер отбасы марапатталды.
«Бірлігі жарасқан отбасы» номинациясы бойынша Жәнібек ауданынан Ганиевтер отбасы, Казталов ауданынан Ерембаевтар отбасы, Қаратөбе ауданынан Хайруллиндер отбасы, Шынғырлау ауданынан Сартовтар отбасы марапатталды.