2025 жылғы 10 қазан күні Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында «Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері мен үздік әлеуметтік жоба» республикалық конкурсының аймақтық туры бойынша жеңімпаздарды анықтау жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Комиссия мүшелері 108 қатысушының өтінімдерін және онлайн дауыс беру нәтижелерін қарап, төмендегі үздіктерді анықтады:
1. «Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының үздік әлеуметтік қызметкері» номинациясы бойынша аймақтық турдың жеңімпазы деп танылсын:
1 орын: Сагимбаева Малика Магомедовна - Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Круглоозерный арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ қызметкері.
2 орын: Джумагалиева Дилда Ажыгалиевна – ««Ақжайық» мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығы» КММ қызметкері.
3 орын: Салихова Самал Хамитовна - Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Орал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ қызметкері.
2.«Үй жағдайында қызмет көрсететін ұйымның үздік әлеуметтік қызметкері» номинациясы бойынша аймақтық турдың жеңімпазы деп танылсын:
1 орын: Искалиева Жанылсын Темирхановна - Қаратөбе ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ қызметкері.
2 орын: Кайыргалиева Анар Сериковна - Жаңақала ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ қызметкері.
3 орын: Азаматова Айнур Сатыбалдиевна – Орал қаласының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» КММ қызметкері.
3.«Үздік мемлекеттік әлеуметтік инспектор» номинациясы бойынша аймақтық турдың жеңімпазы деп танылсын:
Абилов Бауыржан Жасимович - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкері.
4.«Медициналық-әлеуметтік сараптаманың үздік жұмыскері» номинациясы бойынша аймақтық турдың жеңімпазы деп танылсын:
Есетова Хазима Муратовна - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкері.
5. «Үздік әлеуметтік педагог» номинациясы бойынша аймақтық турдың жеңімпазы деп танылсын:
Кадырова Алтын Бериковна - Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Шапағат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ қызметкері.
6. «Еңбек мобильділігі орталығының (мансап орталығының) үздік жұмыскері» номинациясы бойынша аймақтық турдың жеңімпазы деп танылсын:
Амиров Бакдаулет Канатович - Казталов ауданының мансап орталығының қызметкері.
7. «Үздік әлеуметтік жоба» номинациясы бойынша аймақтық турдың жеңімпазы болып әлеуметтік жоба танылсын:
Батыс Қазақстан облысындағы мүгедек балалардың «Бәйтерек» қоғамдық бірлестігі.