«Мейірбандық» күндері қайырымдылық айлығы аясында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиұлы Төреғалиевтің қатысуымен «Ақжайық» мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығына автокөліктерді табыстау рәсімі өтті.
Іс-шарада облыс әкімі орталыққа үш бірдей көлікті – жеңіл автокөлік, «Газель» және тракторды табыс етті. Бұл техника орталық қызметінің сапасын арттырып, мұқтаж жандарға көрсетілетін әлеуметтік қолдауды күшейтуге мүмкіндік береді.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 2024 жылдың 20 желтоқсанында ашылған 150 орындық «Ақжайық» орталығы бүгінде өңір тұрғындарына 8 түрлі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіп келеді. Қазіргі таңда орталықта 303 адам, соның ішінде 66 бала оңалту және әлеуметтік қолдау қызметтерімен қамтылған.
Бұл игі шара мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамға бейімделуіне, олардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған нақты қадамдардың бірі болып табылады.