Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Мейірбандық күндері» облыстық қайырымдылық айлығы аясында, Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдар күніне орай «Қарлығаш»- әр үйге бақыт ұяласын» конкурсын өткізеді

Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Мейірбандық күндері» облыстық қайырымдылық айлығы аясында, Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдар күніне орай «Қарлығаш»- әр үйге бақыт ұяласын» конкурсын өткізеді

Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, «Мейірбандық күндері» облыстық қайырымдылық айлығы аясында, Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдар күніне орай отбасылық құндылықтарды дәріптеу, отбасы институтының мәртебесін арттыру, ата-аналардың балалардың, соның ішінде мүгедектігі бар балалар тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыруға бағытталған, «Қарлығаш»- әр үйге бақыт ұяласын» конкурсын өткізеді.

Конкурсқа қатысушы адамдарға аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келесідей құжаттарды тапсырып, қатысуға өтінімін жолдайды.

Комиссиялар үздік отбасыларды айқындау туралы шешім қабылдау кезінде мынадай өлшемшарттарды басшылыққа алады:
1) отбасы мүшелері жетістіктерінің саны мен маңызы (отбасы тарихы визит карточкасы - таныстыру рәсімі);
2) отбасылық дәстүрлер және жәдігерлер;
3) отбасының рухани-адамгершілік кұндылықтары;
4) балаларының жетістіктері;
5) ата-аналарының үлгі тұтарлық жетістіктері;
6) отбасы құрамы;
7) отбасы мүшелерінің мүгедектігі бар баланы оңалтуда арнайы қолданатын әдістері мен қолдау шаралары;
8) отбасының тұрмыс салты (саламатты өмір салты, бос уақыты).

Облыстық тур жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 17 қазанда өтетін болады.