Жұмысшы мамандықтар жылына орай, “Еңбек жолы – 2025” облыстық конкурсының марапаттау шарасы өтті.
Шараның мақсаты – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру идеясы аясында қоғамда еңбек адамының беделін арттыру, жастар арасында жұмысшы мамандығын насихаттау, көпжылдық еңбек әулеттері дәстүрін сақтау, отбасылық құндылықтарды нығайту және жанұяның дамуына қолдау көрсету болып табылады.
Шара барысында барлық аудандар мен қала бойынша жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік қайтарымсыз грант алушы кәсіпкерлердің өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылды.
Аталған шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып құттықтау сөз сөйлеп, жеңімпаздар мен конкурсқа қатысушыларды алғыс хаттармен, сыйлықтармен марапаттады. Соның ішінде
«Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша облыстық байқаудың бірінші орын иегері Таскалиевтер әулеті (Қаратөбе ауданы), екінші орын иегері Шапиковтар әулеті(Тасқала ауданы), үшінші орын иегері Кажияхметовтар әулеті(Сырым ауданы).
«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша байқаудың бірінші орын иегері Метекесов Қоблан Рысқалиұлы (Жәнібек ауданы), екінші орын иегері Муханов Серикбол Алпысбайұлы (Сырым ауданы), үшінші орын иегері Абдрахманов Бүркіт Махсотұлы (Қаратөбе ауданы).
Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Мақсат Құланбаев «Өндірістің үздік жас маманы» номинациясы бойынша облыстық байқаудың бірінші орын иегері жас маман Игимова Нейля Амирбекқызы (Теректі ауданы) екінші орын иегері жас маман Еслай Манарбек Ерланұлы (Ақжайық ауданы), үшінші орын иегері жас маман Мырзабеков Нұрлыбек Мырзабекұлы(Жаңақала ауданы) марапаттады.