Алдағы 2026 жылға ҚР-на шетелдік жұмыс күшін
тартуға арналған квотаны қалыптастыру туралы
Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қатуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №274 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөлу қағидаларының» 6-тармағына сәйкес 2026 жылға арналған квотаға шетелдік жұмыс күшін тарту қажеттілігі туралы жұмыс берушілерден өтініштерді қабылдауды бастайды.
Өтініштер 2025 жылдың 1 қазанына дейін мемлекеттік және орыс тілдерінде электрондық түрде «E-otinish» ақпараттық жүйесі арқылы (Азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу бірыңғай платформасы) қабылданады.
Қажетті құжаттар тізімі:
1) Басқарма басшысының атына жазылған ілеспе хат (хатта кері байланыс үшін орындаушының байланыс деректерін (ұялы телефон, электрондық пошта мекен-жайы) көрсету қажет);
2) жоғарыда аталған Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған өтінімі (ұйымның толық атауы, заңды мекен-жайы, БСН/ЖСН, ЭҚЖЖ (экономикалық қызмет түрі), ағымдағы жылы жұмыс жасайтын шетелдік азаматтардың саны (егер олар болса) және 2026 жылы тартуға жоспарланған шетелдік жұмыс күшінің санаттар шегінде саны көрсетілген екі тілдегі кесте).
Кесте толтырған кезде тартылатын шетелдік жұмыс күші бойынша толық негіздеме ұсыну қажет, сондай-ақ 2026 жылы жоспарланған жобалар, көрсетілетін қызметтер бойынша шарттар мен келісімшарттарды көрсету қажет (алдағы жылға қолданылу мерзімін көрсете отырып келісімшарттардың көшірмелерін ұсыну қажет).
Анықтама үшін телефон 8(7112) 51-28-66.