«FSM Social» цифрлық платформасы арқылы мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыру

«FSM Social» цифрлық платформасы арқылы мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыру

Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Жақсылық Абдолов, аталған бөлімнің әлеуметтік көмек бөлімінің басшысы Алмагүл Есенғалиева, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ жетекші эксперті Асқар Ташенбаев, аталған мекеменің бас эксперті Жазира Жоламан БҚО аудандарына іс-сапар өткізіп, «FSM Social» цифрлық платформаларын енгізу бойынша оқу  семинарларын өткізді.

Оқыту барысында қатысушыларға «FSM Social» платформасы арқылы өмірлік қиын жағдайдағы азаматтар туралы деректерді енгізу, әлеуметтік қолдау шараларын тіркеу, сондай-ақ тиісті сала мекемелерімен өзара тиімді әрекеттерді ұйымдастыру бағытында практикалық білім берілді.

​Оқуға аудан әкімінің орынбасарлары, білім, денсаулық сақтау, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері мен мобильді топ мүшелері қатысты.

​​Мобильді топ өкілдерімен жедел байланыста қызмет жасауға «FSM social» бағдарламасымен оқыту семинарын отбасын қолдау орталықтарының жұмысын үйлестіру жөніндегі жобалық кеңесі сарапшылар пулының мүшесі, Жамбыл облыстық «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығының директоры Эльмира Мырза-Ғали өткізді. Ол отбасын қолдау орталығының мамандарына «FSM Social платформасы арқылы жұмысты жүйелі түрде жүргізуді, ақпаратты нақты және уақтылы енгізуді, мобильді топтармен тығыз қарым-қатынас орнатуды тапсырды.

​Семинар соңында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, платформаны қолдануға қатысты нақты сұрақтарға жауап алды. Бұл оқыту орталық мамандарының цифрлық сауаттылығын арттырып, әлеуметтік қызмет көрсету сапасын одан әрі жетілдіруге мүмкіндік берді.