Ағымдағы жылдың 27 мамырында БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ж. Абдоловтың төрағалығымен санаториялық емдеу, жан басына қаржыландыру механизмі және бірыңғай цифрлық платформаны енгізу бойынша жиын өтті.
Жиынға Орал қаласы және барлық аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшылары, басқарманың мамандары мен қоғамдық бірлестік өкілдері қатысты.