Ағымдағы жылдың 27 мамырында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Т. Каюповтың төрағалығымен кеңес өтті.
«Д» және «Е» санатындағы отбасыларды азайту және жұмыспен қамтудың белсенді шараларын жүзеге асыру бойынша мәселелер қаралған кеңеске облыстық басқарма басшылары, Орал қаласы және барлық аудан әкімдерінің орынбасарлары мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшылары қатысты.
Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Б. Абуов жұмыспен қамтудың белсенді шаралары туралы, басқарма басшысының орынбасары Ж. Абдолов Отбасының цифрлық картасындағы отбасыларды «дағдарыс» және «мүшкіл» (D, Е) санаттарынан неғұрлым қолайлы санаттарға ауыстыру туралы баяндама жасады.
Кеңеске қатысушылар туындаған мәселелер бойынша сұрақтарды талқылап, облыс әкімінің орынбасары күн тәртібіне сәйкес бірқатар тапсырмалар берді.