Бүгін Шыңғырлау ауданының әкімі Мұрат Өмірәлиев тыл ардагерлерінің шаңырағына арнайы барып, олардың жағдайын біліп, мерекелік лебізін жеткізді. Аудан басшысы ардагерлерге мерекелік медальдарды табыстап, ел үшін сіңірген еңбектері үшін алғысын білдірді.
Өз кезегінде ардагерлер көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдіріп, ел амандығын тілеп, ақ баталарын берді.