АҚБҰЛАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЖАҢА ӘКІМ

АҚБҰЛАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЖАҢА ӘКІМ
Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық Заңына сәйкес, 2025 жылғы 20 сәуірде өткен Ақбұлақ ауылдық округі әкімі сайлауының қорытынды нәтижесі бойынша Шыңғырлау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен Хамиев Мерлан Сағидоллаұлы 2025 жылғы 21 сәуірден бастап Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Хамиев Мерлан Сағидоллаұлы 1985 жылы Шыңғырлау ауданында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 2004 жылы – Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің инженерлік-технологиялық колледжін «Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығын тәмамдаған.
2007 жылы - Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша аяқтаған.
Әр жылдары:
Бөрлі ауданы «Глобус» ЖШС-нің күзетшісі;
Шыңғырлау ауданының білім беру бөлімінің бухгалтері;
Шыңғырлау ауданы Лубен селолық округі әкімі аппаратының жетекші маманы;
Шыңғырлау ауданының «Мәдени-демалыс орталығының» есепшісі;
Бүгінгі күнге дейін Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметін атқарып келді.
Отбасылы, 2 ұл 1 қыз тәрбиелеуде.
Аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев округ әкіміне көптеген міндеттерді жүктеп, ауылдық округті дамыту, көркейту бағытында бірқатар жұмыстарды тапсырды.