Бүгін Шыңғырлау ауданының әкімі Мұрат Өмірәлиев аудан тұрғындарымен жүздесті. Кездесу еркін форматта өтіп, тұрғындар өз сұрақтарын қойып, ұсыныстарын ашық жеткізді. Кездесуге аудан әкімімен бірге бірқатар сала мамандары қатысты. Жарық, ауыз су, әлеуметтік көмек, жастарды қолдау сынды маңызды мәселелер сөз болып, оларға қатысты жоспарлар мен нақты жауаптар айтылды. Осындай ашық диалогтар – халық пен билік арасындағы сенімді нығайтып, бірлесіп жұмыс істеуге жол ашады.