АУДАН ӘКІМІ ЖҰМЫС КҮНІНІҢ СОҢЫНДА ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫНДАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

АУДАН ӘКІМІ ЖҰМЫС КҮНІНІҢ СОҢЫНДА ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫНДАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Бүгін аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев Л.Қылышев көшесінің төменгі бөлігіндегі тұрғындармен кездесті. Кездесуге аудан әкімімен бірге бірқатар сала мамандары қатысты. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан шеткі көшелерге балалар ойын алаңын салу, монша салу, жазғы уақытта суға шомылатын жағалау қажеттігі, жарықтандыру т.б. сауалдарын қойды. Өз кезегінде аудан әкімі тұрғындар тарапынан айтылған өтініштердің мүмкіндікке қарай қарастырылатынын айтып өтті.