КАДРЛЫҚ ТАҒАЙЫНДАУ!

КАДРЛЫҚ ТАҒАЙЫНДАУ!

Шыңғырлау ауданы әкімінің өкімімен Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы қызметіне Ишекенов Толеген Есенұлы тағайындалды.

Ишекенов Толеген Есенұлы 1990 жылы Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылында дүниеге келген.

Білімі - жоғары. 2011 жылы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалаврын, 2015 жылы Батыс Қазақстан инженерлік - гуманитарлық университетін «Экономика» мамандығы бойынша экономика және бизнес магистрін тәмамдаған.

Әр жылдары:

- Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің мемлекеттік сатып алу жөніндегі аға маман бухгалтері;

- Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының экономика және қаржы бөлімінің мемлекеттік сатып алу бойынша іс - қағаздарын жүргізушісі, жетекші маманы, бас маманы, сектор меңгерушісі;

- Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) және

мемлекеттік - құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.

Бүгінгі күнге дейін Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.

Аудан әкімінің аппараты