Ақбұлақ ауылдық округіне қарасты шаруа құрылымдарының жетекшілерімен кездесу

Ақбұлақ ауылдық округіне қарасты шаруа құрылымдарының жетекшілерімен кездесу

«AMANAT» партиясы аудандық филиалы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясының мүшелері,  аудандық мәслихат депутаты Азамат Таганиязов және аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Қайрат Төлегенов  Ақбұлақ ауылдық округінің шаруа құрылымдарының басшыларымен кездесу жиынын өткізді.

Жиында Ақбүлақ ауылдық округтеріндегі игерілмей жатырған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару, бос жер телімдерін айналымға енгізу мәселесі қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Жер аманаты» комиссиясының мүшелері ақпарат беріп, шаруа қожалық басшыларының сұрақтарына жауап берді.

Жиын соңында  комиссия мүшелері арнайы жоспар құрып, әр шаруа қожалық иелерімен жеке кездесетіндіктерін жеткізді.

 

#AMANAT