Ауданда халықтың билікке сенім деңгейін көтеру, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен транспаренттілігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдармен нақты іс-шаралар жүргізілуде.
Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған тапсырмаларды орындау мақсатында облыста кешенді жоспар бекітіліп іске асырылуда.
Қазіргі таңда ауданда әлеуметтік желілерде аудан әкімінің жеке аккаунты тіркелген (Facebook) және аудан, ауылдық округ әкімдіктердің ресми парақшалары ашылып, жұмыс жасауда. Аталған парақшалар тұрғындарға қажетті ақпарат жеткізуге және олардың сауалдарына жауап беруге мүмкіндік береді.
Аудан тұрғындардың мемлекеттік органдарға жүгінген кезде әкімшілік кедергілерді азайтуды, тұрғындардың мемлекеттік органдардың қызметіне қанағаттануы, мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру мақсатында «Ашық әкімдік» жобасы іске қосылып, тұрғындар «бір терезе» қағидатымен мемлекеттік қызмет түрлерін толығымен автоматтандырылған түрде алуда. Бүгінгі таңда статистикалық есеп бойынша жоба арқылы 3 тоқсанда 278 азамат жүгінген.
Сонымен қатар, аудан және ауылдық округ әкімдерінің бекітілген кестесіне сәйкес, апта сайын аудан әкімі мен орынбасарлары тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдаулар жүргізілуде.
Тоқсан сайын аудан әкімінің әр елді-мекен тұрғындарымен кездесулері өткізіліп, тұрғындардың өзекті мәселелері жеке қабылдау кезінде талқыланып, шешілу жолдары қарастырылады.
Жоғарыда жүргізіліп жатқан жұмыстар нәтижесінде «Ашық әкімдік» жобасы тұрғындар үшін тиімді болып табылады.