Жергілікті қоғамдастық жиналысы өтетіні жөнінде хабарландыру

Жергілікті қоғамдастық жиналысы өтетіні жөнінде хабарландыру

Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылдық округі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 «Әкімшілік  – аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау,  сондай – ақ олардың  атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қаулысын басшылыққа ала отырып, «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабына сәйкес, жергілікті қоғамдастық жиналысы өтетіні жөнінде хабарлайды.

 

Күн тәртібінде:

Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылындағы «Целинная» көшесіне қайта атау беру туралы.

Жиынның өтетін орны: Шыңғырлау ауылының Целинная көшесінде.

Өтетін уақыты:  20.11.2021 жыл сағ: 10:00.