eGov.kz арқылы салықтарды төлеу

eGov.kz арқылы салықтарды төлеу

❗️eGov.kz порталында Сіз барлық салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдерді төлеу қызметін пайдалана аласыз.

 

Қызметті қалай табуға болады:

👆🏻Порталда «Кеден және салықтар» ➡️ «Салық салу» ➡️ «Төлемдер» ➡️ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу» бөліміне өтіп, «Онлайн төлеу» түймешігін басу арқылы қызметке тапсырыс беру керек. 🕹

 

Қызметті қалай алуға болады:

❗️Салық төлеушінің ЖСН/БСН, Мемлекеттік кірістер органының атауын, төлем сомасын, бюджеттік сыныптама кодын енгізгеннен кейін жүйе салықты төлеу бөліміне өтуді автоматты түрде ұсынады. Барлық рәсім аяқталғаннан кейін төлем фактісін растайтын электрондық чек беріледі.👍

 

Күніңіз жақсы өтсін және салық төлеуді ұмытпаңыз!👋